Советтік билік: нағыз халықтық билік жүйесі
По техническим причинам данная публикация доступна только на казахском языке. Помощь в переводе приветствуется.
Советтік билік деген не?
Біріншіден, Советтер(Кеңестер) – бұл тап аралық күрестің органы, капиталистермен(байлар мен олардың қолшоқпарларымен) күрес органы. Сондықтан Советтерге тек қана жұмысшылар өкіледері сайланады. Халықтың қанын ішіп отырған байларға және тағы да басқа Советтік биліктің жауларына бұл органға кіріс жоқ. Екіншіден , Советтерге депутат болып сайлануға ақшасы барлар емес, халық өзі таңдап алған/сайлағанадамдар барады. Халық кімнен таңдайтынын өзі шешеді. Қазір болса біздің кімнің арасынан таңдайтынымызды капиталистер шешеді. Яғни, ешқандай демократия жоқ. Депутат болып сайлану кампаниясы үшін ғана үшін қыруар ақша керек қазір, ал қарапайым еңбекшілер арасында ондай ақшасы бар адам жоқ.
Үшіншіден, сайланған депутаттар өзін сайлаған халықтан “аманат” алады. Яғни, сайланған депутаттар халықтың берген мәселелері бойыншы жұмыс атқарады. Немен айналысатынын депутаттың өзі емес, оны тандаған халық шешеді.
Төртіншіден, егерде депутат оны сайлаған халықтың аманатын елемесе, сайлаушылар ол депутатты мандатынан айыра алады. Содан кейін басқа депутат сайлап алады. Осылайша халықтың қолында депутаттарға деген қысым құралы бар болады.
Бесіншіден, советтік депутат болу – бұл негізгі жұмыс емес. Яғни депутат ретінде тек қаңа еңбек етіп жүрген адамдар сайлана алады. Яғни, олар депутаттық жұмыстан басқа өздерінің негізгі жұмысымен бірге алып жүреді. Депутаттық жалақы жұмысшылардың орта жалақысынан аспауы тиіс.
Алтыншыдан, Советтердің есеп беретін атқару комитеттерін құруға, атқарушы органның қарауына жататын кез келген мәселені өз бетінше шешуге, өз шешімдерін орындауға құқығы бар. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару құқығы жүзеге асырылады.
Советтік билік – бұл жоғарғы деңгейдегі демократиялық билік түрі. Тек қана советтік билік орнатып қарапайым халық мемлекеттік басқаруға ықпал ете алады. Тек қана советтік билік арқылы қарапайым халықтың құқығы қорғалады. Тек қана советтік билік нағыз халықтық билік.
@redyurt https://vk.com/wall-195469004_59674
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта