Мәңгүрт болған Бөкейханов жайлы сөз қозғайық
По техническим причинам данная публикация доступна только на казахском языке. Помощь в переводе приветствуется.
Мәңгүрт болған Бөкейханов жайлы сөз қозғайық
Көп жылдар бойы пропаганда, мектеп бағдарламасы мен әртүрлі мақұлықтар Алихан Бөкейхановты Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрескер және батыс демократиясының жақтаушысы ретінде көрсеткісі келген болатын. Бөкейханов ең көп дегенде автономия қалағаның бұған дейін осы жерде жазылды. Бірақ ақымақтар «сен құжаттарды оқымадың, сондықтан білмейсің, оқысаң сол құжаттардан аңқып тұрған тәуелсіздік рухының иісің сезесің» дейтін. Оған қоса «Алаш Орданы бүкіл қазақ даласы қолдады, ал сенің сасық орыс-коммунистерің біздің халқымызды қанап, тонады» деп оттайтын. Өз тарихын ұмытқан надандар қайдан білсің, Қазақстан даласында орыстар мен қазақтардың соқтығысы емес, ақтар мен қызылдардың, халықты азат еткісі келген коммунистер мен халықты қанап, тонағысы келген байлардың арасындағы қақтығыстың болғаның. Сол коммунистердің қатарында көптеген, қазіргі біздің «зиялылар» мен мемлекет ұмытқан, қазақ батырлары болды. Олар жайлы бұған дейін бірнеше рет айтылған болатын. Ал енді Бөкейханов жайлы сөз қозғайық.
Әлихан жазған Алаш партиясының бағдарламасы неден басталыды деп ойлайсыздар? Ең бірінші сөйлемі. Егерде Қазақстан немесе қазақ халқы жайлы десеңіз, қателесесіз. Бірінші сөйлемі: «Ресей демократиялық федеративтік республика болуы тиіс». Міне нағыз Қазақстан патриоты, иә!
Егерде Бөкейханов пен Алаш Орданың бүкіл қазақ халқы қолдап, ал қазақ-коммунистерін ешкім қолдамаса, Алаш әскерінде қанша адам болды дейсіздер? Бөкейхановтың Алаш әскері тәуелсіз болды ма? Армандапты.
Бөкейхановтың айтуы бойынша Алаштың қол астындағы аумақта алты миллион адам болды. Егерде оның жартысы әйел, ал қалған ерлер жартысының жартысы балалар мен қарттар болып, әскерге жарамды 1,5 миллион ерлердің 51% Алашты қолдаған болса, онда мобилизациялық потенциал 750 мың адамға тең. Бірақ шындығына келгенде Алаш әскері ЕКІ(2) мың адамнан тұрды. Айта кетейін, коммунист Имановтың қол астында елу(50) мың сарбазға дейін болған болатын.
Азамат соғысы жүріп жатыр. Қазақ халқының армиясын құру керек. Бөкейханов болса оны екі мың адамнан құрды. Алты миллион халқы бар жерден екі мың адам мобилизацияланды! Бөйкейхановтың айтуы бойынша ол халықтың егемендігі үшін күресіп жатты ғой. Неге жаппай мобилизация жарияланбады? Себебі халық коммунистерді қолдады, солардың әскеріне шаруалар ерікті болып кетіп жатты. Бұндай жағдайда Бөкейханов жаппай мобилизация жарияласа, оның билігі бір сәтте жоқ болатын еді.
1919 жылы әрең дегенде солдаттар саны үш мыңға жетті. Ақтардың алдында есеп беріп жатқан Бөкейханов былай деп жазды, - «Милиция туралы сұрақ бойынша сіз мені тұсінбедіңіз. Біздің милиция – бұл әскер. Толықтай құрылған әскер. Біздің 700 жігітміз Жетісуда, 540 жігітіміз Троицк астында, ал 2000 адамымыз Орал облысында. Жетісудағы ортақ табыстарымыз жайлы оқып отырғанда біліңіз, бұл табыстар біздің жасақтарымыздың арқасында.». Ал әскердің қүрылысы бойынша ол былай жазды, - «Армия штабы орыстардыкімен(бұл жерде ақ фашистер жайлы айтылып отыр) ортақ болады. Қалған сұрақтар бойынша армияны казактар әскері сияқты етіп құрамыз». Тәуелсіз Қазақстанды Бөкейханов осылай көрген: ақ фашистердің қол астында. Алаштың осы ойыншық әскерінде көтерелісте болды. 1918 жылы 7 қарашада Алаштың 400 солдаты бүлік бастады. Оның себебі нашар жабдықтану, әскердегі казак офицерлерінің озбырлығы. Оларды казак әскерлерінің көмегімен өз офицерлері опасыздықпен басып тастады. Армия шашырай бастады, тәртіп бұзылды, Міне, Алаш Орданың халық арасындағы беделінің нағыз көрсеткіші.
Бөкейхановтың келесі сөздері оның жалпы қазақ халқына, еліне деген көз-қарасын жақсы айқындайды: “Менің жер саясатына деген көзқарасым мынандай: менің ойымша, орыстар мен қазақтарға да бірдей аумақты жер беру мүмкін емес, өйткені орыстар мәдениетті және олар егіншілікте әрқашан жоғары болады, содан кейін қазақтарды қанайды. Міне, менің жер мәселесіндегі” ұлтшылдығым"".