Капитализм және фашизм: Диктатураның қаржылық мүдделерге қызмет етуі
Капитализмнің дамуы барысында, еркін нарықтық бәсекелестік алаңдарында азшылық кәсіпкерлер көпті жеңіп, бой көтере бастағанда, капиталдың шоғырлануы өсіп, кәсіпкерлер арасындағы қайшылықтары, керісінше, азайды, мемлекеттегі еркін демократиялық құқықтар да. Бай-кәсіпкер басқа кәсіпкерлерге неғұрлым сәтті қарсы тұра алса, соғұрлым оның капиталы көп болды. Бұл, сондай-ақ дамып келе жатқан өнеркәсіптің үнемі өсіп келе жатқан қажеттіліктері, капитал иелерін өз байлықтарын бір-біріне қосуға, яғни шоғырландыруға, ынталандырды. Осылайша, жеке кәсіпорындардан акционерлік компанияларға көшу басталды. Осылайша жекелеген кәсіпкерлердің бытыраңқы мүдделері акционерлердің ұжымдық мүддесіне айналды.
Бірте-бірте Акционерлік қоғамдар арасында қаржылық капиталдың немесе қаржылық олигархияның ең қуатты қабаты бөлініп шығады. Жаншып жеңуге дағдыланған олар, либералды құндылықтарға қарама-қарсы құндылықтарға ие болады. Олигархиялық империялар бәрін және барлығын, соның ішінде мемлекеттік аппаратты, өз мүдделеріне бағындырудан басқа жолмен өсіп, дами алмайды. Басқаша айтқанда, капиталдың аз адамдар қолында шоғырлану процесімен қатар экономикада да, саясатта да қатаң иерархия мен тәртіп жүйесінің құрылу процесі бірге жүреді.
Экономикадағы қаржылық капиталдың меншікті салмағы барлық басқа кәсіпкерлердің меншікті салмағынан асып кеткендіктен бері, либерализм аз ғана қаржылық олигархияның экономикалық және саяси үстемдікке ұмтылысымен ығыстырыла бастады. Қаржылық капиталдың өз мүддесіне бүкіл қоғамды, бүкіл мемлекетті бағындыру процессі – бұл диктатура құруға ыңғайлы жағдайдың пайда болу процессі. Яғни, фашисттендірілу процессі.
Осылайша, либерализмнің тарихи міндеті еркін нарықтық қатынастарды дамытудағы барлық кедергілерді жою ғана емес, сонымен бірге жаңа капиталистік негізде диктатура орнатуға жағдай жасау болды.. Басқаша айтқанда, фашистік диктатура дамыған капитализм жағдайындағы диктатураны, қаржылық капитал мүдделеріндегі диктатураны, олигархтардың экономикалық және саяси мүдделерінің алдында бас иетін диктатураны білдіреді, өйткені бұл диктатураның дамыған капиталистік, қоғамда күнелтуінің басқа жолдары жоқ та, ешқашан болмайды да.
Итальяндық фашизм диктатура тұрғысынан ешбір ерекше құбылыс болған емес. Әлем диктаторларды Муссолиниге дейін де білетін. Бірақ Италияда дамыған капитализм жағдайында алғаш рет диктатура қаржы капиталының мүддесі үшін құрылды, сондықтан ол фашистік деп аталды. Тиісінше, сіздің алдыңызда қандай диктатура тұрғанын түсіну үшін cіз диктатордың идеологиясына және оның мемлекетті қалай басқаратынына емес, бұл диктатураның қандай нақты тарихи жағдайларда орнатылғанына қарауыңыз керек. Бұл диктатураның кімнің мүддесі үшін жұмыс атқаратынына назар аударуыңыз керек. Гитлер, Муссолини, Пиночет, Франко, Пилсудский және басқа да фашистердің фашист болу себебі олардың диктатуралары дамыған капитализм қоғамында және қаржылық капиталдың мүддесінде болуынан.
Мәселен, Гитлердің диктатурасы: Дойче мен Дрезднер банктердің, Крупп корпорацияларының, ИГ Фарбеннің, Сименстің және басқалардың мүддесі үшін құрылды. Муссолини диктатурасы: Banca Commerciale Italiana, Banco di Roma, Fiat өнеркәсіптік концерндері, Пирелли, Монтекатини, Эдисон және басқалардың пайдасын қорғады. 1940 жылы «Таққа көмек көрсету қауымдастығы» ретінде құрылған жапондық фашистік диктатура: Мицубиси, Мицуи, Ниссан, Накаджима, Кавасаки концерндеріне қажет болды. Чили диктаторы Пиночет Милтон Фридманмен «Чикаго балдары» аталған экономистер тобымен бірге халықаралық инвесторлармен тығыз байланысты болды, солардың мүддесі үшін Чили халқын қырып, жойды. Қысқасы, фашистік диктатура, оның басшылары мен идеологтары қандай мақсатқа ұмтылса да, диктаторлардың өз еркіне қарамастан, әрқашан қаржылық капиталдың мүддесін қорғайды. Өйткені олар үшін бұл - билікте қалудың жалғыз жолы. Капитализм әлемінде сіз, диктатор болсаңыз, капиталдың мүдделерін қанағаттандыруға міндеттісіз, әйтпесе экономика мен бірге сіздің күш-қуатыңыздың ақыры келеді.