Социализм: Идеология, Саясат және Қоғамдағы Рөлі
Саяси белсенді адамдардың көпшілігі көбінесе идеология мәселелерін түсінбейді немесе кейбір саясаткерлер мен беделділерді олардың артында абсолютті шындық тұрған адамдар ретінде бағалайды. Бұл таңқаларлық емес, идеология және экономика мәселелері бойынша заманауи сарапшыларды оқып отырып, пайымдауларындакүдік пен анық еместік сезіледі.
Мәселен, саясаттанушы Досым Сәтбаев үнді гурусының үнімен шағын және орта бизнес қазіргі экономиканың тірегі екенін айтады. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, ШОБ кезекті дағдарыстан тозған сазды аяққа айналады. Сәтбаев өзінің интеллектуалдық сәтсіздігін түсінбей, одан әрі жекешелендіру идеясын алға тартады, яғни, мемлекеттік кәсіпорындарды жеке қолға тарату (ел экономикасындағы мемлекеттің рөлін төмендету), экономиканы ырықтандыру (еркін нарық пайдасына бағытталған шаралар кешені, яғни саудаға шектеулерді жою), протекционизмнен бас тарту (шетелдік тауарларға баж салығын азайту немесе толық алып тастау) , экономиканың шетел капиталына ашықтығы және т.б.)…
Өзінің ұлттық-патриоттық көзқарастарымен танылған тағы бір сарапшы Айдос Сарым, мемлекеттік аппараттың 30 пайызын қысқарту, мемлекеттегі жемқорлықты 30 пайызға төмендетеді деген ойын білдірді. Әрине бұл сөздері, тіл мен төл мәдениетін қорғау туралы айғай-шумен жасырылуда.
Сәтпаев пен Сарымның сөздері либералды негізгі ағымға сәйкес келеді. Егер сарапшылар тек әңгімелесетін болса, мемлекеттік шенеуніктер оны іс жүзінде жүзеге асырып жатыр: жекешелендірудің бірнеше толқыны, Еңбек кодексінің жұмыс берушінің пайдасына өзгеруі, зейнеткерлік жастың өсуі, 90-шы жылдары ынтымақты жүйенің орнына жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу, медицинаны оңтайландыру, ақылы білім мен ақылы медициналық қызметтерге біртіндеп көшу және т. б. Бұл шаралар нәтижесінде азаматтардың көпшілігінің өмір сүру деңгейінің біртіндеп төмендеуіне әкелді.
Бұл қалыптасқан жүйе мен саясат көпшіліктің мүдделеріне қайшы келеді дегенді білдіреді, сондықтан идеология ретінде либерализм халықтың аз бөлігінің құзыреті болып табылады. 19 ғасырдың терминдерін қолдансақ, либерализм - бұл қаншалықты реакциялық болса да, буржуазияның идеологиясы.
Өкінішке орай, жастардың көпшілігі либералдық идеологияны жақтайды, өйткені ол жалпы қабылданған және әркімнің аузында. Жалпы, отандық ақпарат өрісінде қарама-қарсы көзқарас жоқ.
Либерализмнің соңғы дәрежесі, оның “үлкен ағасы” - фашизм-бұл капиталдың түпкілікті қалыптасқан диктатурасы, онда қарапайым жұмысшылардың мүдделері мен құқықтары назардан тыс болады және әр түрлі жолмен басылады. Бірақ қарама-қайшылықтардың тереңдеуімен (аздаған байлармен пен жұмысшы көпшілік арасында) қарама-қарсы идеология – социализм пайда болады. Социализм, өз кезегінде, үш бағытқа бөлінеді және осы бағыттардың әрқайсысында әділетті қоғамға жету мақсаты бар. Олар: анархизм, реформизм (Социал-демократия) және марксизм.
Анархистер. Анархистер әлеуметтік мәселелердің себебін мемлекеттің барынан көреді. Олар үшін мемлекет пен оның институттары негізгі эксплуататор болып табылады. Сондықтан анархистер оның жойылуында негізгі әлеуметтік мәселенің - теңсіздіктің шешімін көреді. Алайда, бұл жерде анархизмнің түбегейлі қателігі, мемлекет “эксплуататор” емес, ол таптық қоғамдағы билеуші таптың қолындағы “эксплуатация құралы” болып табылады. Сәйкесінше, капиталистік қоғамда адамды қанаудың қайнар көзі - буржуазия, яғни капиталистер. Олар сонымен бірге “буржуазиялық мемлекет” (капиталистік мемлекет) құрады, ол бір уыс билеуші таптың мүдделерін көпшілік пролетариатқа (яғни өзінің еңбекке қабілеттілігін сатудан басқа амалы жоқ халықтың бөлігіне) зиян келтіре отырып қорғайды.
Социал-демократия. Көпшілік өз құқығын қорғауға дайын емес, қалыптасқан күрес стихиялы болса, өткен ғасырдың классиктері айтқандай, тап өзін тап ретінде түсінбеген жағдайда социал-демократия алға шығады. Социализмге апаратын эволюциялық жолдың бір бөлігі ретінде ол бұқараның таптық санасын оятуға, өнерде болсын, ғылымда болсын, идеологиялық күрес майданында болсын, тарих мәселелерінде болсын, фильмдерде және т.б. болсын қалыптасқан жүйені сынауға арналған. Егер либерализм жеке капитал