Ұлт мәселесі - марксизм-ленинизмнің маңызды және күрделі мәселесі
Статья дублируется на русском языке в виде статьи, ссылка внизу. Данный цикл будет выходить каждую субботу в 19:00. Отправляйте своим родным и близким, которые заражены национализмом. Быть может, эта статья их исцелит.
Ұлт мәселесі - марксизм-ленинизмнің маңызды және күрделі мәселелерінің бірі, оның дұрыс шешілуімен жұмысшы табының күресінің сәттілігі тікелей байланысты. Марксизм классиктері, әсіресе В.И.Ленин мен И.В.Сталин, бұл сұраққа көп көңіл бөлді. Бұл мәселе әлі күнге дейін толықтай өз шешімін тапқан жоқ. Бүкіл әлем бойынша ұлтшылдық бой көтеріп, ұлтшылдар бастаған фашистік топтар билікке ұмтылуда. Бауырлас Республикалардың бірінде фашистік диктатура орнаса(Украина), басқалары соған таяп қалды(мысалы, Ресей). Сондықтан «Қызыл Отау» «Ұлт және Ұлтшылдық» атты жазбалар топтамасын жариялауды бастайды. Бұл топтама әр сенбі сайын сағат 19:00-де шығады. Таныстарыңызға, туыстарынызға жіберіңіздер. Оқыңыздар, оқығанды ойға алыңыздар, жолдастар.
Марксизмде ұлт мәселесі И.В.Сталиннің еңбектерінде ең жақсы, ең егжей-тегжейлі және қол жетімді түрде түсіндіріледі. Бүгінгі таңда біздің еліміз үшін маңызды осы тақырыпты түсінгісі келетін адамды И.В. Сталиннің “Как понимают социал-демократы национальный вопрос”, “На пути к национализму”, “Марксизм и национальный вопрос”, “Национальный вопрос и ленинизм” атты шығармаларын оқуға жіберуге болады. Оған қоса ол адам В.И. Лениннің «О манифесте «Союза армянских социал-демократов»», «Национальный вопрос в нашей программе», «Рабочий класс и национальный вопрос», «Критические заметки по национальному вопросу», «Под чужим флагом», «О праве наций на самоопределение», «Итоги дискуссии о самоопределении», «О брошюре Юниуса» атты еңбектерін оқуға міндетті.
«Ұлт мәселесі» деген не?
Ұлт мәселесі - әртүрлі әлеуметтік-экономикалық формациялардағы ұлттар, ұлттық топтар мен халықтар арасындағы саяси, экономикалық, аумақтық, құқықтық, идеологиялық және мәдени қатынастардың жиынтығы. Бұл ғылыми тұжырым. Қарапайым тілмен айтқанда, ұлт мәселесі -бұл кез-келген қоғамда азды-көпті орын алатын ұлттар мен халықтар арасындағы қарым-қатынас.
Марксизм-ленинизм ұлт мәселесі қоғамның әлеуметтік-саяси прогресі туралы жалпы мәселеге бағынышты деп санайды, оны таптық күрестен алшақтатпайды. Тек осылай ғана барлық ұлттық қозғалыстардың негізінде жатқан құбылыстар мен оқиғалардың негізін түсінуге болады. Эксплуатациялық қоғамдарда ұлт мәселесі ұлттар мен халықтардың өздерінің ұлттық азаттығы мен әлеуметтік дамуының қолайлы жағдайлары үшін күресі кезінде туындайды. Социалистік қоғамда ұлт мәселесі ұлттар мен халықтар арасында толық нақты теңдігін қамтамасыз ету, достық пен бірлікті нығайту үдерісінеің барысындағы қарым-қатынас мәселелерін қамтиды. Ұлт мәселесінің ұзақ тарихы бар, дегенмен әр түрлі уақытта әр түрлі елдерде және әр түрлі жағдайда ол әр түрлі мәнге ие болды. Бір халықтардың басқаларды қысып, қанауы және жәбірленгендердің азаттық күресі құлдық жүйеде басталып, феодализм дәуірінде де өз орнын тапы. Бірақ ұлт мәселесі феодалдық жүйенің жойылуы мен капитализмнің орнығу кезеңінде, яғни халықтардан мен тайпалардан ұлттар деп аталатын адамзат қауымдастықтарының қалыптасу кезенінде ерекше маңызға ие болды. Ұлттық мәселе қазіргі дәуірде, яғни капитализмнің өлу және жаңа әділетті қоғам үшін күрес дәуірінде өте маңызды. КСРО мен социализм елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, Социалистік революциялардың жеңісімен ұлт мәселесі де жойылмайды, ол күн тәртібінен толығымен кеткенше көп уақыт өтуі керек. Ол үшін міндетті түрде барлық әлемде социалистік қоғам құрылып, халықтар арасындағы капитализм тудырған жек көрушілік пен өшпенділік жойылуы керек.
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта