Алаштықтар мен "Оян, қазақ": Русофобияның мәселелері
Егерде алаштықтардың өздері жарқын орысқұл болғаның ескеретін болса, мемлекеттік “Оян, қазақ” атты фильмнің жастар арасында русофобияны насихаттайтыны таңқаларлық.
Алаштықтардың әйелдері орыс жұртынан болғаны жайлы, олардың барлығы дерлік орыс білімін алғаны жайлы немесе олардың “көшбасшысы” Бөкейхановтың орыстардың кадет партиясының мүшесі болғаны жайлы айтпасада болады. Бұның бәрі белгілі факт.
Бірақ біздің қоғамда алаштықтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қарсы шығып, халықты патшаға қызмет етуге, Бірінші дүниежүзілік соғысының майданында патша әскерінің малайы болуға үгіттегені жайлы, өкінішке орай, екінің бірі біле бермейді. Ал нағыз сатқындық.
Ал Азаматтық соғыс басталғанда, алаштықтар ақтардың, яғни орыс фашистердің жағына өтіп, өз халқына қарсы соғысқан болатын. Ақтар мен олардың малайы болған алаштықтарға қазақтың Төреқұлов, Иманов, Рысқұлов, Сейфуллин, Торайғыров сияқты қазақтың қайсар коммунист-батырларына қарсы соғысты. Мыржақып Дулатов бастаған сатқындар тобы болса Арқалыққа басып кіріп, Амангелды Имановты айламен атып өлтірді. Жаңа капиталистік Қазақстанның келер ұрпаққа үлгі болар батырлары енді осындай.
Егерде “Оян, қазақ” фильмің қараған болсаңыз, Дулатовтың Орал мен Семейде Алаш жасақтарының әскери дайындықтан өтіп жатқаны жайлы айтқаны есіңізде болу керек. Ол жасақтарды қамтамасыз етіп отырған ақгвардиялық фашистер болатын, олардың дайындап жатқан ақгвардиялық фашистер болатын. Ал кейін сол Алаш жасақтары ақгвардияның қол астында, егеменді қазақ жері үшін емес, тәуелсіз қазақ халқы үшін емес, Колчактің билігі үшін қан төгіп, өз халқына қарсы шайқасқан болатың. Алаштықтар ақ-казактардың бастауымен тек қана қазақ-коммунистерді өлтіріп қана қоймай, оған қоса қарапайым халықты кеңестік билікті қолдағаны үшін тоңап, қырғын қылған болатын. Яғни, Алаштың өзінің егемендігі, тәуелсіздігі жайлы айтуғада болмайды. Олар фашист-орыстардың ақгвардиясының қолында ойыншық болды. Ал ақгвардия ұтылған кезде, алаштықтар сүмірейіп Кеңестік биліктің жағына өтті. Коммунистер оларды бірден сотқа тартып, жазалаған жоқ. Керсінше, еңбекші халықтың алдындағы күнәсің жуып шаюға мүмкіндік беріп, жаңа құрылып жатқан егеменді Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында лайықты орын берді.
Әрине, ары қарай “алаштықтар” жайлы өз ойына жағымды, тарихқа дым қатысы жоқ өтірікті оқып, олардың үлгі тұтсан болады. Бірақ шын мәнісінде олар “Алаш” сөзінің мәнің құртып, балағаттады. Қазақтың нағыз батырлары орыс-фашистерінің аяғын жалаған Бөкейханов, Шоқай немесе Дулатов емес, қазақ халқының егемендігі үшін күрескен Бокин, Әйтиев, Жангелдин сияқты қазақ-коммунистері. Ал Алаштықтар болса ұлтшыл русофоб болған емес.
Оян, жолдас.
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта