В правительстве обсудили ситуацию с нехваткой дизельного топлива на АЗС
В правительстве обсудили ситуацию с нехваткой дизельного топлива на АЗС и его задержкой на нефтебазах. На сегодняшний день в Республике Казахстан имеется 309 тыс. тонн дизельного топлива, а в апреле ожидается производство еще 441 тыс. тонн. Общий объем дизеля в этом месяце составит около 750 тыс. тонн, а прогнозируемое потребление – около 510 тыс. тонн. На 7 апреля дизельное топливо отсутствовало на 415 АЗС, что составляет около 13% от общего количества АЗС в стране.
Біріншіден, ешкім қайырымдылық жасап жұмыс орындарын ашпайды. Бірде бір кәсіпорынның иегері «Ой, қандай жақсы адам еді! Өміріне ақша табуға мүмкіндік берейін» – деп ойламайды. Сені жалдаудың жалғыз себебі – сенің пайда алып келу мүмкіндігің. Меншік иесі сенің нақты тапқаныңмен сенің жалақыңның арасындағы айырмашылық арқылы пайда табады. Сен мүмкіндігінше көп жалақы алғың келеді. Себебі сен тамақтануың керек, баспанаға ақысын төлеуің керек, балаларыңды тамақтандырып оқытуың керек, өзін-өзі дамытуға және саяхаттауға ақша жұмсағың келеді. Ал меншік иесі саған мүмкіндігінше аз төлеудің жолын іздейді.
Егерде сенің жұмысыңды 10 мың емес 4 мыңға істеуге даяр адам болса, сені жұмыстан қуып шығады. Егерде сенің орныңды машинамен алмастыра алса - сені жұмыстан қуып шығады. Егерде дағдарыс, яғни кризис, болып, бүкіл сенің жұмыс істеу салаң бойынша қиындықтар туындаса - сені жұмыстан қуып шығады. Егерде сен пайда алып келмесең, сені жұмыстан қуып шығады. Егерде сен ауырып қалсаң, аяғың ауыр болса немесе қартайсаң - олар саған дым да төлеу үшін бағып қағады. Сенің қайда баратының олардың мұртын шалмайды. Бұл - сенің қиыншылығың. Сенің өмірің олар үшін бес тиын да тұрмайды. Олар үшін сен адам емессің, сен - пайда алып келетін құралсың. Есте сақта: саған жұмыс беріп отырғандар өз мүддесін, өз пайдасын, өз қара басын ешқашан ұмытпайды! Сенде, жұмысшы, өзіннің және жолдастарыңның мүдделерін, пайдасын және жағдайы жайлы ұмытпағайсың! Осы сөздерді бірнеше қайтара оқып, жаныңдағы әріптестеріңмен жолдастарыңа жеткіз!
1. Басқа іске араласпа.
Жұмыс беруші мен кейбір бастықтар – «Бұл біздің ортақ ісіміз, Біз бір топпыз, Біз бір қайықтамыз, Бұл сенің де проектің» - деп айтқанды жақсы көреді. Осындай сандырақтағанды тыңдап өзіңнен «Мен пайда алып жатырмын ба?» – деп сұрап көрші. Жоқ па? Демек бұл менің ісім емес. Сен жалдамалы жұмысшысың, серіктес, еншілес емессің. Сен өз еңбегіңді уақытыңды сатасың, сондықтан жұмысыңды қанша жеткілікті дәл сонша ғана жаса. Өзіңді бос иллюзиялармен алдандырма.
__2. Сендер дос, жолдас емессіңдер. __ Айлакер жұмыс берушілер әрдайым жұмысшылармен адамша қарым қатынас жасауға тырысады. Олар сенің денсаулығыңмен, балаларыңды, хоббиларыңды сұрап қызығушылық танытады. Жұмыс жағдайын сұрастырып жан ашулық білдіреді. Олар сенімен темекі шегуге шығады, ғаламтор әзілдерін сұқбаттасады, өз өмірі туралы баяндайды. Бір сөзбен, олар сенің жақсы жолдастарың екендігіне сені иландыруға тырысып, сенің шынайы қатынастарың жайлы ұмытқаныңды күтеді. Бұл не үшін жасалады дерсіз? Керек кезінде-«Қап. Бұл ай жалақы болмайды, кішкене күте тұр» әлде «Жұмыста бір сағатқа артық қала тұршы» – деп айтуға дайын болу үшін ғана. Есіңде болсын: сендер дос емессіңдер бұндай іспен сенің шынайы сүйіспеншілігіңді саған қарсы пайдаланады.
3. Сенің ең басты мақсатың - өмірге ақша табу.
Сенің істеген жұмысың саған ұнауы мүмкін. Сенің жұмысың қызық және қоғамға пайдалы болуы мүмкін. Бірақ шынтуайт айтсақ адамдардың көбісі (тіпті сен де) жұмыс істемей тіршілік ете алмайды. Үйде отырып кітап оқымауға, жыл сайын жер шарын шарламауға әлде өзің армандаған заттарды істемеудің бір себебі бұл - өмірге нәпақа табу. Бұл сұрақтарды ұмыттырып сенің жұмысқа деген сүйіспеншілігіңді шексіз пайдаланып жұмыс берушілер саған аз төлейді. «Саған жұмыс істеген өзіңе ұнайды ғой!». Басқа жағдайларда сен тегін істеуге дайын болсаң да, сенің еңбегің желінбей әрдайым жақсы бағалануы қажет, жақсы төленуі қажет.