Жұмыс берушіге сенім жоқ!
Жұмыс берушіге сенім жоқ!
Сен жұмысқа келіп, әріптесің бір жерде жоғалып кеткенін көресің. «Ол жұмыстан шығып кетті», — деп басшы жалтарып жауап қатса, сен өзі еркімен кетпегенін ұғасың. Қате жіберді, сәтсіздікке ұшырады, пайда әкелуді тоқтатты — деп оған басқа жұмыс іздеуді ұсынды. «Не деп ойлап едің? Бұл капитализм ғой!»- дейді көпшілік қауым. Әрине дұрыс, бұл капитализм және біз капитализмде өмір сүріп жатқандықтан, біз жалдамалы жұмысшылардың да өз қызығушылығы екендігін және әдетте ол жұмыс берушілердің қызығушылығынан өзгешелігін мойындауымыз керек.
__ 4. Сенің амбицияларыңмен ойнауға жол берме.__
Көптеген жұмыс берушілер жұмысын тиянақты істейтін адамдарды ерекшелеп алады да, оларға жұмыста мансап бойынша өсуді, жалақыны көбейтуге уәде беріп өте үлкен болашақ болжайды. Олар әдейі жұмыс арасында бәсекелестік орнатады. Олар әр адам тезірек, жақсырақ, көбірек жұмыс істеткізуге тырысады. Бірақ осылай озат болып көрінгің келіп, басқалардан көбірек жасағың келгенде… Тоқта! Өзіңнен: «Мен осылай істегеннен жалақым өсетініне дәлел бар ма? Менің жалақымды өсіреді ме? Олар өз уәделерін орындай ма? Осы бір ауыз мақтау сөз үшін басқа әріптес жұмысшылармен ұрысуға тұрарлық па?» - деп сұрап көр. Аздап күмәнің бар ма? Өзіңнің энергияңды басқа жаққа жұмса.
5. Ақысы төленген істі ғана орында.
Жұмыс берушілер көп адам жұмысқа алғылары келмейді. Оларға жұмыс істеп жүргендерге қосымша міндеттерді жүктеу оңайырақ. «Іс-шараны өткізуге көмектес, клиенттерге қоңырау шал, үйге барар жолда хатты жеткіз». Бұл сенің міндеттерің емес пе? Қосымша жұмыстан бас тартудың барлық амалдарын ізде. Сенде басқа мәтін, макет, керемет идея бар ма? Мұны тек төлей алатын адамға апар немесе өзің пайдалан. Еңбегіңді бостан-бос сыйлама.
6. Уақытыңды бағала.
Жұмыс күні аяқталса - үйге қайт. Түскі үзіліс басталса - өз ісіңмен айналыс. Сенің бір минутыңды да ұрлауға рұқсат етпе. Жұмыс берушілер адамдарды 8 сағатқа жұмысқа алады, бірақ 10 сағатқа пайдаланғанды жақсы көреді. Олардың арасында кешкі уақытта қоңырау шалып, демалыс күндері жұмыс туралы ойландыратын, мереке күндері сенің назарыңды талап ететіндер табылады. Мұндайға жол берме! Есіңде болсын: төленбеген уақыт - бұл жұмыс берушінің қалтасына кеткен уақыт.
7. Артық құлшыныс танытпа.
Тапсырманы аяқтап, келесісін алуға дайынсың ба? Дем алып ал. Интернетке кір, кофе іш, әріптестеріңмен сөйлес. Талап етілгеннен асыра міндет алу сенің қызығушылығыңда емес. Керемет нәтижеге ұмтылма - мұнда медаль берілмейді. Саған міндеттемелерді қосатын идеяларды ұсынба – бұл үшін саған төлейтіні екіталай. Бос уақытың бар екенін ешқашан көрсетпе! Жұмыс беруші төлемейтін қосымша жүктеме артқанша сені бос емес немесе жұмыспен отыр деп ойласын.
8. Өз мүдделеріңді таңда.
Жұмыс үшін әрекет жасау не өз қанағатандырушылықтарыңды толтыру - деп таңдау алдында тұрғанда — әрдайым өзіңді таңда. Жұмыста қаласың ба немесе ағылшын курстарына барасың ба? Әрине, курсқа баруды таңда! Қоңырауға жұмыстан тыс уақытта жауап беру немесе құрбыңмен әңгімелесу ме? Әрине құрбыңмен әңгімелесу! Достарыңмен отырыста болу ма әлде үлгере алмаған жұмысты аяқтау ма? Достарды таңда! Балаларыңмен серуендеу ме демалыс күнді жұмыс берушінің шұғыл өтінішіне арнау ма? Сенің балаларың әлдеқайда маңыздырақ! Тіпті жұмыс уақытында: досыңа хабарлама жіберу, қызықты мақала оқу, аздап шет тілін үйрену немесе жұмыс жасау ма? Енді не істеу керектігін білесің.