Жаңаөзенде еңбекшілердің ереуілдері мен стачкаларының себептері
Жаңаөзенде еңбекшілерінің ереуілдері мен стачкалары неге жиі болып жатқаны жайлы ойлап көрдіңіз бе? Кейбір азаматтар Жаңаөзендіктер ерігіп құтырады деп ойлайды. 300-500 мың жалақы бар, оларға тағы не жетіспейді, дегендей? Бірақ бұл – адасқанның сөзі.
Кеңес дәуірінің бері Жаңаөзен мұнай-газ моно-қаласы болғанымен, қала агломерациясының негізгі бөлігін мұнай өндіру өнеркәсібі ғана емес, сонымен қатар облыс экономикасында да маңызыды орын алып жатқан ауыл шаруашылығы да болды. Капитализм мен еркін нарықтың пайда болуымен кеңестік совхоздар мен колхоздар жойылды. Он мыңдаған адамдар жұмыссыз қалса, жаңа, капиталистік үкіметті жалғыз пайда табу ғана қызықтырды.
Тәуелсіздік жылдарында Жаңаөзенде халқымыздың игілігі – мұғайды айдап шығарудан басқа барлық экономикалық қызмет түрлері жабылды. Ондаған жылдар бойы адамдар тұрақты жұмыс орындарын құруды сұрап және талап етіп келеді. Бірақ Назарбаев та, Тоқаев та, басқа капиталистер де бұған мүдделі емес. Неліктен? Себебі жұмыссыздар, резервтік еңбек армиясы керек. Яғни, жұмыссыздар тіршілік қылып, отбасын асырау үшін кез-келген шарттарға келісіп жұмысқа кезекке тұратындай арзан жұмыс күші ретінде қажет.
Көпшілік біле бермейтін шығар, бірақ 2019 жылдан бері Жаңаөзен қаласында жұмысқа кезек бар. Бұл кезек бар жұмыс орындарын әділ бөлу мақсатында тұрғындардың өтініші бойынша құрастырылған. Бірақ, Жаңаөзендіктердің сөздерінше, жұмысқа бірінші кезекте жемқор шенеуніктердің туыстары орналасады екен. Мыңдаған жастар жұмыссыз қалып отыр. Көпшілігі Астана, Алматы сияқты ірі қалаларға кетуге мәжбүр. Көбінің қалтасы мұны да көтермейді.
Көптеген жемқор БАҚ мен билік қалада жалақы – жоғары, баға – төмен, жұмыс жеткілікті деген қауесет таратып жатыр. “Малайлар” “қожайындардың” бергеніне қанағаттанбай тағы сұрап отыр дегенді меңзегендей. Бірақ бұл өрескел өтірік. Бұл өтірік арқылы олар бізді, жұмысшыларды бөлгісі келіп отыр. Алматылық жұмысшы Жаңаөзендік жұмысшымен ауызбіршілік танытпауы үшін әдейі істеп отыр.
Расында, қаладағы жалақы көлемі жеткілікті түрде жоғары көрінеді. Бірақ та тұрақты жұмыс жоқтың қасы. Тұрғындардың қалайтыны – тұрақтылық. Өйткені жұмыс негізінен мұнда белгілі бір мерзімге келісімшарт бойынша жалдау арқылы ұсынылады. Бір бір жарым жылға жалақы бар да, ал содан соң жоқ. Жұмыстың жеткіліксіздігі былай тұрсын, жұмыс тағы уақытша ғой. Ендігі, сіз қайтадан белгісіз уақыт аралығында жұмыс іздеуге мәжбүрсіз. Ай, жарты жыл, жыл. Отбасыңыз келісімшарт бойынша, қысқа мерзімде тапқан ақшаға өмір сүруге мәжбүр болады. Сонымен қатар қаладағы бағалар, сол Алматының бағаларынан кем түспейтінін ескерейік.
Сондықтан, жолдас, дос, отандас, Жаңа Қазақстанның алдауына көнбеңіз. Жаңаөзендіктер бізден жақсы тұрмайды, олар да күннен күнге өмірмен арпалысуға мәжбүр. Олардың жағдайы соншалықты үмітсіз болғандықтан, күн сайын өз құқықтары үшін күресуге мәжбүр. Біздің, жұмысшылардың құқықтарымыз үшін, жолдас. Барлық ұлттық толқулар Жаңаөзеннен бел алатыны 2012 жылы Жаңаөзендіктер әділет талап етіп қала көшелеріне шықтқаны да осыдан. 2022 жылы көшеге шығып, Алматыда және басқа қалалардағы жұмысшыларға деген өз ынтымақтастығын танытқаны да сол себепті. Бірақ, оқиғалар қалай аяқталғанын өздеріңіз де білерсіздер. Сөз жүзінде емес, нақты іс жүзіндегі құқықтар мен мүмкіндіктердің теңдігі үшін, әділдік үшін, өзіміз бен отбасымыз үшін лайықты өмір, еңбекші халқымыз бен еліміздің болашағы үшін, жарқын социалистік болашақ үшін күресте тек Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен бауырластығы, бізге жеңіске жетуге көмектеседі.
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта