Неліктен қазақ тілі қазіргі дағдарыста?
Не себепті қазақ тілі қазір дағдарыста? Не себепті біздің тіліміз дамымай жатыр? Не себепті бүгінгі заманда біздің халықтың тілі деградацияға ұшырап, қазақ елінің бірде бір қаласының көшеде жүрген жұрты таза қазақша өз ойын білдіре алмайды?
Әрине, көкірегі жер тесіп бара жатқан надандар бұның бәріне совет одағы, коммунистер, орыстар немесе мүлде халықтың өзі кінәлі деп қоя салуы мүмкін. Өткенді кінәләп, шындықтан қашып жүре берген ыңғайлы, бірақ егерде біз шынымен халқымызға, елімізге, мәдениетімізге жанымыз ашыса, бұл мәселенің түбіне жетуіміз керек. Егерде мәселенің салдарымен алпарыспай, оның себебің тапсақ – мәселені жартылай шешкеніміз.
Егерде біз кеңестік уақытты алып қарасақ, мақұлық мәңгүрттердің қырылған қазақ зиялылары жайлы, жойылған қазақ мәдиниеті жайлы сандырағы бірде бір сынға шыдамайды.
Шындығында қазақ халқының тарихында мәдениеттің шарықтау деңгейі сол уақытта болды. Шынымен, репрессия жылдары көптеген қазақ зиялылары опатқа ұшырады, бірақ олардың саны жалпы халық санының немесе жалпы зиялылар санының кішкене ғана бір бөлігі. Өкінішке орай, қазіргі таңда мемлекет алаштықтардан басқа зиялыларды еске алуды қойды.
Кеңестік кезеңдегі мәдениеттің, қазақ тілінің дамуын мына Википедияның парақшасы бойынша өзіңіз байқасаңыз болады. Мына жерде берілген кісілердің басым бөлігі – қазақ-коммунистері. Кеңестік уақытта қазақ фильмографиясы өте қатты дамыды, керемет “Тақиялы періште” немесе “Амангелді” атты фильмдер түсірілген болатын. “Амангелді” болса мүлде 1936 жылы түсірілген тұңғыш қазақ фильмі! 1936 жылы әлемнің басым бөлігі ұлттық киностудия жайлы аңсап қана жүрген!
Егерде кеңестік фильмдерді меңсінбесеңіз, кеңестік қазақ әдебиетің қараңыз. Қазақтың керемет деген ақын-жазушылары кеңестік заманда ең биік деген шыңдарға жеткен болатың. Кеңестік кезең бізге Оралхан Бөкей, Мұхтар Ауэзов, Әбдіжәміл Нүрпеисов, Олжас Сүлейменов, Нәжімеденов Жүмекен, Спандияр Көбеев, Беимбет Майлин, Ильяс Исенберлин атты бізге жүздеген, мыңдаған ақын-жазушыларды сыйлаған болатың. Жоғары айтылған кісілердің барлығы дерлік кезінде жалынды коммунист болатың. Ал Нәзір Төреқұлов пен Сәкен Сейфуллин іспетті қазақтың коммунист-батырлары мүлде қолына мылтық алып халқымыздың болашағы үшін ақ-фашистерге қарсы күрескен болатын.
Фильмдер мен әдебиетті меңсінбейтін болсаңыз, онда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының халық әртістеріне қарасаңыз болады. Қазіргі біздің сайқымазақтармен дым салыстыруға келмейтін нағыз талантты кісілер! Байқасаңыз, басым бөлігі қазақ ұлтының өкілдері!
Ал енді қазіргі біздің егеменді Алаш ұлтының жағдайы Кеңестік Кезеңнен жаман деп ойлайсыз? Неге Кеңестік кезеңде халықтың білімі, халықтың сауаттылығы жоғары, ал мәдениеті дамыған болды? Бұнымен келіспесеңіз, комментарийге қазіргі Қазақстанда өсіп-өнген әлем түгілі өз елімізде белгілі жазушыны жазып жіберіңіз. Қайда біздің заманның Ауэзов пен Сейфуллиндері? Жоқ олар. Ауэзов түгілі қазір аты-жөнін сауатты жазатын адамның өзі жоқтың қасы.
Бұл дағдарыстың басты себебі – экономикада. Бұл дағдарыстың басты себебі – өндірісте. Өкінішке орай, біздің қоғам өз қалауынша емес, экономикалық, яғни шаруашылықтық, өндірістік қажеттілікке қарай өмір сүреді. Қазіргі, өкінішікке орай егеменсіз, өзін сайқал іспетті ақшаға сатып отырған Қазақстанның экономикасы, өндірісі білімді, талантты адамдарды үлкен көлемде қажет етпейді. Ал егерде біздің шаруашылық пайдалы қазбалар сату, қытайдың мәшинесін алып-сату болса, бұндай шаруашылыққа білімді адамдар не үшін керек болады? Бұндай шаруашылыққа керісінше білімді емес, білімсіз адамдар керек. Сондықтан біздің білімде, мәдениетте дамымайды. Білімсіз адамға мәдениеттің керегі не? Білімсіз адамға әдебиеттің керегі не? Оданда Қоянбаевтің мыңқырықыншы ашып жатқан отелі жайлы комедия көріп, қарнын қасып жата бермейді. Өкінішке орай, бұл қоғамның даму заңы. Өкінішке орай, біздің дүниеқоңыз капиталистерге, біздің шіріп жатқан мемлекетімізге керегі адам байлығы емес. Керегі тек қана – ақша. Себебі капиталистік қоғамның ең басты байлығы – ақша.
Бұны қалай өзгертсе болады десеңіз, бұны өзгертудің жолы оңай әрі қиын. Бір жағынан бұны жою үшін елдің экономикасын халыққа бағындыру керек, барлық дерлік өнеркәсіпті қоғамдастыру қажет. Екінші жағынан, бізді тонап отқан капиталистер бұған өз еркімен көне қоя ма?
Подписаться | Чат | Анкета
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта