Социализмде ештеңе тегін келмейді: бұл еңбекшілердің өз еңбегінің нәтижесі
Социализм бұл - тегін келетін оңай олжа ма? Сіз социализмнің барлық игіліктер «тегін» болатын жүйе екенін естіген шығарсыз: білім, медицина, тұрғын үй. Социализмнің беделін түсіруге тырысқан оңшыл экономистер мемлекеттің мұндай «үлестірмесі» адамдарды тәуелді етеді деп мәлімдейді. Кейбір «солшыл» этатистер де социализмді патерналистік «халыққа қамқорлық» ретінде бейнелейді. Әйтсе де шындығында, социализмде ештеңе тегін келмейді, яғни игіліктер жәйдән-жәй аспаннан түспейді. Маркстік саяси экономика тұрғысынан алғанда, жұмысшылардың қолындағы әлеуметтік игіліктер «жоғарыдан» берілген сыйлық емес, олардың өз еңбегінің нәтижесі болып табылады. Еңбек процесінде жұмысшылар өздерінің жұмыс күшінің құнын (еңбек ақы түрінде) қайта өндіріп қана қоймайды, сонымен қатар үстеме құн өндіреді. Оның үстіне еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қажетті жұмыс уақытының үлесі (жұмыс күшін ұдайы өндіруге жұмсалатын) азайып, үстеме уақыт көбейеді. Капитализм заманында жұмысшылар жасаған қосымша құн капиталистердің қалтасында жекешелендіріледі. Бұл тұрғыдан алғанда, тегін олжаланатын - жұмысшы емес, капиталист. Социализм заманында үстеме өнім еңбекшілердің мүддесіне – тікелей емес, қоғамдық тұтыну қорлары арқылы бөлінеді, бұл қордан білім, медицина, тұрғын үй, зейнетақы, т.б. қаржыландырылады. Сонымен, ғылыми, саяси экономикалық тұрғыдан алғанда, қоғамдық қорлардан түсетін пайда, капиталистік заманда қанаушы класс иемденіп алатын «тегін олжа» емес, еңбекшілер жасаған құнның бір бөлігі болып табылады.Сондықтан «социализм – бұл бәрі тегін болған кезде» дейтіндер социализмнің мәнін не түсінбейді, не оны әдейі бұрмалап, социалистік елдердің азаматтарын «мемлекеттік садақа» есебінен өмір сүріп жатқан тәуелді адамдар ретінде бейнелейді.
P.S. Бір қызығы, әлеуметтік бағдарламаларды «садақа» деп атаған нарықшылдар, корпорациялар дәл сол мемлекеттен миллиардтаған субсидиялар мен салық жеңілдіктерін алғанда үнсіз қалады.
“Қызыл Дагестан” телеграмм арнасынан аударылды. Түпнұсқа: https://t.me/red_dagestan/477
Қызыл Отау / Красная Юрта