Письмо бойцов Красной Армии из Казахстана первому секретарю ЦК КП(б)К Скворцову Н.А.
Ждём в комментариях гневные комментарии, что данное письмо подделка, это написали комиссары и прочий горячечный бред. Остальным же предлагаем ознакомиться с оригинальным текстом и переводом на русский язык письма бойцов Красной Армии из Казахстана первому секретарю ЦК КП(б)К Скворцову Н.А.
Жауынгерлердің ҚазССР КП ОК хатшысы Скворцовқа* патриоттық сезім мен жауынгерлік серт туралы хаты**
25 ақпан 1943 ж.***
Күн сәулетті Қазақстанға, туған жердегі ата-анамызға, аға-іні қарындастарымызға, барлық бауырларымызға батыс майдандағы жаужүрек ұлдарының ыстық сәлемін жеткізуді сұраймыз.
Біз Отан-анамызды қорғауда өмірімізді де қиюға ант еткендерміз. Біз қазақ халқының майдандағы ұлдарына арнап жазған хатын оқыдық. Бұл жазған хаттарыңыз рухымызды әлдеқайда жоғары көтеріп, жігерімізге жігер қосып, болат тәнімізге жаңадан батырлық сауытын кигізгендей болды. Елдегі жауынгер бауырларымыз соңғы тынысымыз біткенше сіздерді жүрегімізде сақтаймыз. Майдандағы біздің жеңісіміз сіздердің жанқиярлық еңбектеріңізбен нық байланысты.
Біз ұзын аққан Еділ мен Жайықтың суын кешіп, Есіл, Нұра, Ертістің бойын сайрандап, Көкшетау Қарқаралы, Шыңғыстау Алатау, Алтайдың шың басына ту тіккен батыр халықтың ұлдарымыз. Біз Сырым, Исатай, Махамбет, Есет, Бекеттердің, Қарасай, Қосайдың жау жүрек ұрпақтарымыз. Біз асқар Алатау, алтын астана Алматыны әрқашан жүрегімізде сақтаулымыз. Бір кездерде ағашты ат қылып мініп, қарағайдан қылыш мылтық жасап, көше бойын думан қылып асыр салған қаланы, кітабімді қолтығыма қысып барып мектебінде оқыған қаланы, жүрек сырын ашып жар сүйген қаланы, Ауыл мен даланы, Бөбегімді жүрегіме басып иіскеп сүйіп, бақытты күндерге күле қарап өткізген туған Қазақстанды қалай ұмытарсың. Сіздердің майдандағы бауырларыңыз үшін жауды жеңу жолында еткен қамқорлықтарыңыз бізді ерекше сүйсіндіреді. Сіздердің елдегі жауынгерлік қимылдарыңыз бізді өте сүйсіндіреді. Біз қазақтар, орыс, украин, өзбек, татар т. б. туысқан халықтардың ұлдарымен тізе қосып жауды жермен-жексен етудеміз. Күн демей, түн демей тынымсыз, неміс қарақшылардың жазасын берудеміз. Біз елде бауырларымызды ұмытпаймыз. Жамбыл ата сенің өлеңдерің жүрегімізде жазулы. Күләш сенің бұлбұлдай дауысыңды естімеп пе едік. Манарбек, Жүсіппек, Құрмамбек сендерді де ұмытпаймыз. Сендердің көркем өнер жолында көрсеткен еңбектерің көз алдымызда. Әр күні күннің шығысына көз саламыз. Шұғыласын жайып қызарып шыққан күн елдегі қарындастық сәлемін сәулесімен жеткізгендей. Бесігінде әлдилеп өсірген Қарқаралы, Көкшетау, Алатау, Арал, Балхаш, Еділ, Жайық, Іле қайтып қана ұмытарсың. Туған елдің хатын оқып.
Біз қазақ жауынгерлер «Отанды қорғау жолында қасық қанымыз қалғанша күресеміз» деп берген антымызды соңғы деміміз біткенше жүрегімізде сақтап туған елдің сенімін ақтауға тағы да сөз береміз. Біз қорықпаймыз. Жеңіс біздікі болады. Сенімдеріңіз мықты болсын.
Старшина Қазақстан радиокомитетінің бұрынғы қызметкері (Алматыдан)
Асылбаев Орымбай
Аға сержант, бұрын катерде капитан болып істеген (Балхаш)
Жакупов Аралбай
Сержант, елде оқытушы болып істеген (Арал қаласы)
Асанов Құрманғалып
Қызыл әскерлер
Абдрахманов Сембай (Гурьев обл.)
Исатаев Бляль
Шаймерденов Шалғымбай (Қоңырат) және т. б.****
* Хат сонымен бірге, ҚазССР Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағасы Қазақпаевқа жіберілген.
** Мәтіннің орфографиясы толығымен сақталған.
*** Конвертте мекен-жай мен күні келесі белгімен көрсетілген: 871 ПП Часть 468.
**** Барлығы 50.
ҚР ПМ. 708 қ. 6 т. 534 іс. 19 және қайырма парағы.
===============================================================
Письмо* бойцов Красной Армии секретарю ЦК Компартии Казахской ССР Скворцову** о патриотических чувствах и боевом духе.
25 февраля 1943 г.***
Мы просим передать теплый привет отважных сынов Западного фронта солнечному Казахстану, нашим родным: родителям, братьям и сёстрам, всем нашим соотечественникам.
Мы поклялись пожертвовать жизнью ради защиты Родины. Прочитали письма, которые казахский народ прислал своим сынам на фронте. Ваши письма подняли нам настроение, укрепили наш дух и как будто наложили новую броню героизма на наши стальные тела. Мы будем хранить вас, наших братьев и сестёр, в наших сердцах до последнего вздоха. Наша победа на фронте тесно связана с вашим самоотверженным трудом.
Мы — сыновья героического народа, который переправился через широкие Волгу и Урал, привольно жил вдоль Ишима, Нуры, Иртыша, водрузил своё знамя на вершины Кокшетау, Каркаралы, Чингистау, Алатау, Алтая. Мы потомки Сырыма, Исатая, Махамбета, Есета, Бекета, Карасая, Косая. Мы всегда будем дорожить великим Алатау, золотой столицей Алма-Атой. Как забудешь родной Казахстан, где прошли счастливые дни, где когда-то катался верхом на деревянной лошади, делал из веток мечи и ружья, как можно забыть город, на улицах которого праздник, город, в котором ходил в школу с книгой в руках, аул и степь, ребёнка, которого любишь всем сердцем. Нам особенно приятно, что вы заботитесь о своих борющихся с врагом братьях на передовой. Мы очень довольны вашими поступками. Мы казахи, русские, украинцы, узбеки, татары и сыновья родственных народов поставим врага на колени и сокрушим его. Днём и ночью мы постоянно наказываем немецких разбойников. Мы не забываем своих братьев и сестёр. Жамбыл-ата, ваши стихи написаны в наших сердцах. Куляш, не слыхали ли мы твой соловьиный голос, не забудем вас, Манарбек, Жусуппек, Курмамбек. Ваши искусные работы перед нашими глазами. Каждый день мы смотрим на восход солнца. Как будто яркое солнце передаёт привет от наших братьев и сестёр. Ты просто забываешься, когда мысленно возвращаешься на родные с колыбели Каркаралы, Кокшетау, Алатау, Арал, Балхаш, Волгу, Урал, Или, читая письма с Родины.
Мы ещё раз обещаем оправдать доверие родной земли, храня в сердце клятву казахских воинов: «Мы будем защищать Родину до последней капли крови». Мы не боимся. Победа будет за нами. Можете быть в этом уверены.
Бывший сотрудник казахстанского радиокомитета (из Алматы), старшина
Асылбаев Орымбай
Бывший капитан катера (Балхаш), старший сержант
Жакупов Аралбай
Бывший учитель (г. Арал), сержант
Асанов Құрманғалып
Красноармейцы
Абдрахманов Сембай (Гурьевская обл.)
Исатаев Бляль
Шаймерденов Шалғымбай (Конырат) и другие****
* Орфография текста полностью сохранена
** Письмо также направлено Председателю Президиума Верховного Совета Казахской ССР Казакпаеву.
*** Адрес и дата на конверте помечены следующим образом: 871 ПП Часть 468.
**** Всего 50 подписавшихся
АП РК Ф. 708, Т. 6, Д. 534, Л. 19