«Нағыз(капиталистік) Қазақстан»: білім беру жүйесіндегі ауыр жағдайлар
«Нағыз(капиталистік) Қазақстан» рубрикасы 1989 жылы ҚазКСР-ында 8609 мектеп және 3 млн 204 мың оқушы мен 242,9 мың ұстаз болды. Олардың қақ жартысы ауылды жерде, қалған жартысы қалалық мекенде орналасты. Яғни, қазіргі «толықтай толмаған мектеп» деген түсінік болмаған(малокомплектная школа). Қазіргі байлар мен шенеуліктердің Қазақстанында 7550 мектеп және 3 млн 600 мың оқушы мен 366,6 мың ұстаз бар. Олардың ішінде толықтай толмаған 2753 мектепте 192,6 мың оқушы оқу оқиды. Енді математикаға көшейік: ҚазКСР-ында 1989 жылы бір мектепке 372 оқушыдан келген, себебі 3 204 000/8609=372. Ал қазіргі капиталистік Қазақстанда бір мектепке 710 оқушыдан келеді, яғни 3 407 400/4797=710. Неге бұлай санадық дейсіз ғой? Себебі 7550 мектептің 2753 толықтай толмаған мектеп, яғни 7550 – 2753 = 4797, 3 600 000 – 192 600 = 3 407 400. Осылайша, негізгі елді мекендерде мектептер саны екі есе азайған. Ал елді мекендердің көбісінде халық саны азайғаны соншалық, мектептерде бір сыныптыда толтыра алмай отыр. Жалпы алғанда, бұл Алматы мен Астана сияқты ұлкен қалаларға халықтың жаппай қоныстануына байланысты. Қазір болса әр үлкен қаланың жағдайы нашар. Мысалыға, Бауыржан Момышұлы атындағы Жетісай қаласының №6 гимназиясы Кеңес одағы кезінде 800 балаға арнап салынған еді. Қазір ол мектепте 2000 астам оқушы оқып жатыр. Шымкент қаласының №50 Ахмет Байтұрсынов атындағы мектебінде тиісті 1,5 мың оқушының орнына 2,5 мың оқу оқып жатыр. Астана қалысының №85 мектеп лицейінде балалар саны тіптен үш есеге көп: 1500 болу керек, бірақ қазір 3 мыңнан артық бала дәріс алуда.
Не себепті бұндай жағдай орын алуда? Себебі билік байлар мен олардың малайына айналған шенеуліктердің қолында. Олардың басты мақсаты көбірек ақша опыру, көбірек бізді, еңбекші халықты тонау. Халыққа білім беру, халықтық медицинаны дамыту оларды дым да қызықтырмайды. Бастысы сен жұмыс істеп, бір-екі тиін жалақынды алып, келесі күні қайта жұмысқа келе алсаң болғаны. Сен, еңбекші, көп сұрақ қоймас үшін сені алдап, арбап, оттаған, саған керек емес тауарларды кредитке тығып, сені құл құһылып жатыр. Ойлан, жолдас. Қазақты құртып жатқан сол қанішерлер. Тек қана халықтық билік біздің халқымызды, біздің елімізді құтқарады. Оян, халқым менің!
@redyurt
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта