Амангелді Иманов және 1916 жылғы көтеріліс: Тарихи шындықтың бет-perдесі
Ереуілге шыққан жұмысшылармен тілдесіп, большевик Виноградов пен Головановтың сөз сөйлеуін тыңдап, большевиктік «Орал» газетін оқып, Амангелді өзінің ұлттық және саяси сана-сезімін көтерді. 1914 жылдың басында, соғыс басталмай тұрып, Амангельді Петербургке жолға шықты. Плевако атты атақты заңгерді іздеді. Бірақ ол оның бұдан алты жыл бұрын қайтыс болып кеткенің білмеді. Сонда да сапары зая кеткен жоқ. Патшаның астанасың шулы өмірі оған үлкен әсер етті. Көргенін күнделігіне жазды. Ол өзінің жазбаларында өте қызықты сұрақтар жайлы ой қозғайды, қазақ халқының отар болу тарихын баяндайды, Ресей Империясының қысқаша қысқаша тарихын жазады. Бұл күнделік Амангелдінің өте сауатты және зияткер адам екенінің дәлелі. Күнделігінде батыр патшаның байлығына тамсанып, - «Патша айына екі мың рубль жалақы алады екен, жылына жиырма төрт мың, ал күніне 66 рубль 66 тиін. Оған қоса патшаның өзінікінен басқа әкесінен қалған 1040 үйі бар», - деп жазады.
Петербургтен қайтқан соң, Амангельдінің өмірінің жаңа тарауы ашылды. Соғыста патша әскерлерінің жағдайы нашар болды, адам, снаряд, астық жетпей жатты. Ресей Империясының түкпір-түкпірінде феодалдық билікке қарсы, байлардың озбырлығына қарсы наразылық күшейе бастады. Қарапайым халық 12-14 сағат бойы жұмыс істеп, ашығып жүргенде, бұл соғыстан пайда көріп отырған шенеуліктер мен байлар той тойлап, рахат өмір сүрді. Бұл халықтың ызасын одан бетер күшейтті.
Осы кезден бастап Амангельдінің хикаяты оның өмірлік досы, жолдасы Аліби Жангелдинмен байланысты. Олар жастайын таныс еді. Жангелдин саналы күреске Имановтан ерте келіп, қуғын-сүргінге ұшырап, ел аралап кетті. 1912 жылы Жапония арқылы Владивостокқа келіп, туған өлкесіне, қазақ даласына қайтады. Амангельдімен кездесіп, оған өз саяхаты жайлы баяндайды, Ленинмен кездесуін айтып береді. Сөйтіп екеуі бірігіп күрес жүргізеді. Бұл күресте, әрине, басты рөл үгіт-насихатта болды. Байлардың, патшаның қулығын әшкерелеп, кедейлерді күреске баулыды. Бұл істе оларға Аліби саяхатында сатып алған кино-аппараты өте үлкен көмек көрсетті. Кино көруге ауылдың бәрі жиналатын, бұны қолданған қос батыр оларды үгіттеп, насихаттайтын. 1913 жылы Аліби қайтадан қашуға мәжбүр болды. Амангельді екеуі хатт алысып тұрды. 1915 жылы большевиктер партиясының мүше болды. Осылай олар 1916 жылға да жетеді. 1916 жылғы Түркістандағы көтеріліс бірнеше жерде бірдей басталды. Көтерілістің себептері терең бойлап кіші жүздың Ресейдің қол астына өтуіне дейін барады. Бірақ оған сылтау болған патшаның түземдік халықтарды тыл жұмыстарына тәркілеу жайлы жарлығы шығады. Иә, ол тыл жұмыстарына шақыру, мобилизация деп аталған жоқ. Ресми түрде шығарылған жарлықта «тәркілеу» деп жазылған болатын. Бұл шовинистік патша үкіметінің отарланған халықтарға деген көзқарасын анық көрсетеді. Көтерілістің нағыз себептері, материалистік себептері бұған дейін көптеген ғылыми жұмыстарда қарастырылған болатын. Ол жұмыстар «тәуелсіз» Қазақстанда емес, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында жазылған болатын. Қазіргі оқулықтарда, ғылыми мақалалармен жұмыстарда бұл көтеріліс тек қана ұлт-азаттық көтеріліс ретінде суреттеледі. Таптар арасында күрес ретінде көрсетуден қорқады, сондықтан ол жайлы ештене жазбайды. Ол көтерелістің басты көсемдері большевиктер болғандықтан, олар жайлы да бірнеше сөйлем айтып қана кетеді. Ал кезінде, біздің ата-әжелеріміз, әке-шешеліріміз оқыған оқулықтарда бұл көтеріліс жайлы қырық бет жазылған, егжел-тегжейлі қарастырылған. Кейбір надандардың жалған түсініктері қарамастан, жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ қоғамы өте аздаған байлардан(оның ішінде, билер мен болыс басылары да бар) және көптеген қаналған, азапталған және тоналған бұқара халықтан тұрды. Байлардың озбырлығы, тонаушылығы мен опасыздығы көптеген тарихи құжаттарда ғана емес, әдеби шығармаларда да анық бейнеленген. Оның ішінде өзіме жақын Әбділжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен тер» кітабін ұсына аламын.