Кім жеңді, жолдас?
Кім жеңді, жолдас?
«Мен тек грузиндер үшін соғыстым ба? Жоқ. Біз Қызыл Армия қатарында орыстар үшін де, украиндар үшін де, абхаздар үшін де, қазақтар үшін де Советтік Отанымыз үшін шайқастық! Гитлер, бәлем, қазір не болып жатқанын көріп, бақытты болар еді».
Мелитон Варламович Кантария. Кеңес Одағының Батыры.
9 мамыр - Жеңіс күні, халқымыз Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының 1945 жылы фашистік Германияны жеңген күнін тағы да тойлайды. Көшелерде әдеттегідей «Ерлікке тағызым», «Есімізде – мақтанамыз», «Ешкім де ештеңе де ұмытылмас» деген жазулары бар плакаттар ілінеді. Көліктерге «Атама жеңіс үшін рахмет!», «1941-1945, қайталай аламыз» деген сияқты стикерлері жарқырайды. Көптеген азаматтар фашизмге қарсы соғысқан туыстарының фотосуреттерімен шығады. Өскелең ұрпақ өкілдері «Басымыздағы бейбіт аспан үшін рахмет» сияқты стандартты сөз тіркестерін қайталайды.
Барлығы дұрыс-ақ сияқты. Әкелеріміз бен аталарымыздың естелігі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуі керек. Бірақ соңғы кездері бұл жайлы күмән жанды жейді. Жеңіске жеткен батырларымызды жадымызда сақтап, олардың не үшін күрескенін түсінетін сияқтымыз. Бірақ объективті дүниенің қатал бейнесі ауыр күйге түсіреді. Кедейлік пен аштық қаптаған біздің әлем; әскери қақтығыстар барған сайын көбірек адамдардың өмірін алып кете барады; ұлтшылдық пен шовинизм деңгейінің күшейгені сонша, жаңа Гитлердің шығатын күні де алыс емес.
- «Бейбіт аспан үшін мың алғыс». Біз 9 мамырда айтатын стандартты тұрақты тіркес. Қазір заман соншалықты тыныш па? Украинада біздің бауырлас Украина мен Ресей халықтары орыс және батыс олигархиясының билеуші таптарының пайдакүнемдік мүдделері үшін бірін-бірі қырып жатыр; Қарабақ Әзірбайжан мен Арменияның текетірес алаңына айналды, онда мыңдаған жолдастарымыз қырылып жатыр; Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шиеленістің күшеюі; сонау 1990 жылдардың өзінде Грузияда абхаздар мен грузиндер арасында әскери қақтығыстар болған.
Әскери қақтығыстардың ұйытқысының бірі – постсоветтік кеңістікте өркендеп, өзінің қанды егінін жинап жатқан - ұлтшылдық. Қазақстанды да қазақ нацистері басқа ұлтқа тиесілі деп адамдар өлтіруде орын алатын ұлтаралық қақтығыстар дүр сілкіндіруде. Қазақстан азаматтарын үрейлендіретін, тіл мәселесі негізде арандатушылықты жүзеге асыратын «тіл патрульдері» ұйымдастырылды; Қазақстан азаматтары оның аумақтық тұтастығына күмән келтіретін сепаратизм жағдайлары көбейіп келеді; Украина билігі орыс тілін және басқа тілдерді (мысалы, венгр тілін) ығыстырып, этникалық тазартуға шақыруда; Ресейде «Русич» және «Орыс православ армиясы» орыс ұлтшыл батальондары құрылуда, президент Путиннің өзі оның кумирі - орыс фашизмінің идеологы - Иван Ильин екенін мәлімдейді.
Бізді пролетарлық интернационализмге негізделген советтік патриотизм орнына ұлтшылдық пен ұлттық артықшылық сезімін дәріптейтін буржуазиялық патриотизмге итермелеуде. Бұны белгілі саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдерінің мәлімдемелерінен-ақ байқауға болады. Мысалы, Ресейде қазаққа білім мен ғылым берді, бізге қалалар салған тек орыстар болды деген көпірме сөздер (Қазақстанда ғылым, білім мен қалалар Кеңес өкіметі заманында салынғанымен); Қазақ фашистері бұған жауап ретінде Ресейдің бірқатар облыстары Қазақстанның түпкі жері деп мәлімдейді. Мұндай мысалдар көп. Бірақ жоғарыда келтірілген мәлімдемелер жеткілікті болар.
- «1941-1945 – қайталай аламыз». Отыз үшке толған мен, бұл жазудың мағынасы жайлы енді ғана ойлана бастадым. Менің субъективті қортындыларым жаныма еш жеңілдік әкелмеді. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін орын алған ғылыми-техникалық жаңалықты қайталай аламыз ба? Қалалар салуды, сауатсыздықты жоюды, аштықты, тағы басқаларды қайта істей аламыз ба? Қазіргі ТМД-дағы жетістіктердің қайсысын әлемдік қауымдастық мойындап отыр?
Біздің әкелеріміз бен аталарымыз ендігі соғыс болмасын деп соғысқан. Келер ұрпақ қан төгіс, қырқыс, жақындарынан мен жолдастарынан айырылу азабын кешпесін, білмесін деп соғысқан. «1941-1945 – біз қайталай аламыз» деген жазу соғыс пен намысшылдықты насихаттай ма? Менің ойымша - иә. Осындай стикерлерді іліп жүрген кісілерге “Егер сіз 1945 жылды қайталай алсаңыз, аштыққа, өлімге, жаппай күйреу мен күйзеліске, достарыңыздың өліміне төзе аласыз ба?” - деген сұрағым бар. Соғыс - бұл әдемі форма киіп, көшеде жүру емес. Соғыс - бұл біз біліп көрмеген жаппай қиыншылықтар.
- «Атама жеңіс үшін рахмет!». Тағы бір көлік терезелеріне жабыстыруды ұнататын белгілі фраза. Міне, мұнда біздің басылымның басты сұрағы: аталарымыз не үшін күрескен деген сұрақ туындайды? Абстрактілі жеңіс үшін бе? Қайдағы бір түсініксіз «бейбіт аспан» үшін бе? Біздің аталарымыз Социалистік Отан үшін шайқасты! Олар адамның адамды қанауына орын жоқ әлеуметтік-экономикалық жүйе үшін күресті; өндіріс құралдары мен жер қойнауы бүкіл халыққа тиесілі және қоғамдық меншікте болған жағдайда; олар сауатсыздықты жойып, аса қауіпті ауруларды жеңетін жүйе үшін күресті; олар халықтар арасында достық орнаған, ұлтшылдық пен шовинизмнің кез келген көріністері заңмен жазаланатын жүйе үшін шайқасқа шықты. Олар халықтың шын тәуелсіздігі үшін күресті.
Құрметті жолдас, 9 мамырды тойлауға бара жатқанда, өзіңнен мынаны сұрап көрші: негізгі өндіріс құралы – жер қойнауы, зауыттар, фабрикалар, ормандар, банктер кімнің меншігінде? Сен олар әкелетін игіліктерін иеленуге құқығың бар ма?
Қорытынды орнына. Қазір еліміз инфрақұрылымдық дағдарысты бастан кешуде, энергетикалық дағдарыстың да басталуы алыс емес. Бұл Қазақстанның жүздеген мың азаматтарын қайыршылыққа ұшырату қаупін төндіреді. Бұның жарқын мысалы Екібастұз бен Риддер. Сіз бұл қиындықтарды жеңе аласыз ба, құрметті оқырман?
Естеріңізге сала кетейін, біздің әкелеріміз бен аталарымыз фашизмді талқандап қана қоймай, қираған елді қалпына келтірді, жаңа қалалар салды, ғарышқа адам жіберді. Ал «1941-1945 – қайталай аламыз» деген жазуды іліп қойып, бүгін өсіп келе жатқан кедейшілікті, ұлтшылдық пен шовинизмді, ғылым дағдарысын жеңе аласыз ба? Осы себепті мені қорқынышты, бірақ әділ сұрақ үнемі күйзелтеді: кім жеңді, жолдас?
Ізгі ниетпен, Марк Флавий Аквила
Қызыл Отау / Красная Юрта